Қоршаған ортаны қорғау - мемлекетіміздің тұрақты дамуындағы маңызды буын. Өкінішке орай, әзірге экологиялық бағытта елімізде де, әлемде де шешілмеген мәселелер көп. Тіпті, кішігірім экологиялық проблемаларды елемеу өзіңе қарсы қылмыс жасаумен тең. Сонымен қатар, ауданның жақсы экологиясы - бұл негізгі артықшылық және оның инвестициялық тартымдылығының кепілі.

Біз экология мәселелеріне көп көңіл бөлеміз. СО2 эмиссиясын басқару, «жасыл» энергетиканы пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару сияқты проблемаларды шешуде жүйелі тәсіл маңызды.

Сіз кез келген уақытта біздің жобаларымызға қосыла аласыз және бірге біз бұл әлемді сәл тазартып, келер ұрпақ үшін сақтап қаламыз.

Экология жөніндегі бағдарламаның жетекшісі
Серік Жүнісов
Ағаш отырғызу
ҚТҚ басқару
Біз ағаш отырғызамыз
6404
Тұрақты даму қоры экология мәселелеріне көп көңіл бөледі. Мысалы, қордың жұмыс істеуі барысында еліміздің түрлі өңірлерінде 6404 ағаш отырғызылды.
Макинск қаласында
5,000
Шешек саябағында
1,175
Ардагерлер саябағында
129
Қасым Қайсенов кентінде
100
Қазіргі таңда біз Катон-Қарағай және Ұлан аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарумен айналысып жатырмыз. Біз ауданда түзілетін қалдықтардың көлеміне талдау жүргіземіз, жинау техникасының қуатын және қоршаған орта үшін қауіптерді бағалаймыз.

Содан кейін осы мәліметтер негізінде жұмыс жасаймыз. Мақсатымыз - тұрмыстық қалдықтарды табиғатқа зиян келтірмей және адам үшін пайдалы барынша экологиялық түрде кәдеге жарату.