Қазір жобалардың басым бөлігін біз Қазақстанның ауылдарында жүзеге асырып жатырмыз. Елімізде 165 ауылдық аудан бар. Олардың барлығы бірегей. Әр ауданның өз тарихы, проблемалары мен жетістіктері бар. Біздің міндетіміз – әрбір ауданға оның бай әлеуетін ашуға көмектесу.
Біз проблемаларды кешенді түрде шешуге тырысамыз және ауылдарға экономика, экология және әлеуметтік даму саласында қолдау көрсетеміз.
Қазіргі уақытта біз өз жобаларымызды Абай облысында және еліміздің бес ауданында жүзеге асырудамыз, олар: Ұлан, Катонқарағай, Бұланды, Бурабай және Шемонаиха.
Біз барлық 165 ауданды тартуды жоспарлап отырмыз.
ауданды қазір дамытып жатырмыз